Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 23.12.2015 № 201 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" "Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 02 қарашадағы № 1092 қаулысын орындауда Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 80 пайызға азайту жолымен дала аймағында жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты есептеу үшін нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), есепке алынуына түзету белгіленсін.
2. 80 пайызға азайту жолымен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдем ақыны тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынған бағаларды түзету белгіленсін.
3. "Аманкелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдем ақы тағайындауға үміткер өтінушілердің жеке қосалқы шаруашылығынан алынатын табыстарды есептегенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аманкелді ауданының
әкімі С. Ахметов