"Қостанай облысы бойынша 2010 жылы жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі объектілердің тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 12 ақпандағы № 62 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 11 мамырдағы № 183 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 8 маусымдағы № 3718 тіркелді. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы әкімі аппараты басшысының 2011 жылғы 23 маусымдағы № 08-10/1744 хатымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңдары, Қызылорда қалалық ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 4/1 ұйғарымы негізінде, ШЕШЕМІН:
      1. Тасбөгет кентіндегі Қызылжарма көшесін – Ермекбай Ертуғанов есімімен, Сәулетшілер көшесін – Исмайлов Қазыбай есімімен, Қызылжарма тұйығы - Уразбаев Әбіл есімімен қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау кент әкімі аппаратының бас маманы А.Таспановаға жүктелсін.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін. 

       Әкім                              Ә. Құтмамбетов