Қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 15 қазандағы № 13/127 "Ақтау қаласындағы білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруді белгілеу және төлеуінің нұсқаулығын бекіт

Ақтау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 38/347 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 14 қаңтарда № 11-1-144 тіркелді. Күші жойылды - Ақтау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 21 шілдедегі № 44/403 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2011.05.23 № 50-7 Шешімімен

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабына және «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – алты жүз отыз есептік айлық есептік көрсеткіш сомасында бюджеттік кредит берілсін.
      2. Осы Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                          Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       хатшысы
      Т.Блалиев                                  М.Есмаханов