Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Шиелі кенті әкімінің 2009 жылғы 09 желтоқсандағы "Шиелі кенті "Көкшоқы" мөлтек ауданынан атауы жоқ көшеге Сағынтай Есеновтың есімін беру туралы" (нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 21 қаңтардағы N 10-9-102 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетіне 2010 жылдың 27 ақпанда N 27 санымен жарияланған) N 787 шешіміне төмендегі өзгеріс енгізілсін.
1-тармағындағы "Көкшоқы" мөлтек ауданы" деген сөз алынып тасталынып, Шиелі кентінде болып оқылсын.
2. Осы шешім алғаш рет жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау кент әкімінің орынбасары Түменов Ермахан Байназарұлына жүктелсін.
КЕНТ ӘКІМІ М. МОЛДАБАЕВ