Шиелі кенті әкімінің 2008 жылғы 24 қыркүйектегі "Шиелі кенті "Береке" мөлтек ауданында орналасқан атауы берілмеген көшеге Өмірхан Жәрімбетовтың есімін беру туралы" N 202 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігі Шиелі кенті әкімінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы N 1103 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Шиелі аудандық әділет басқармасында 2011 жылы 25 қаңтарда N 10-9-187 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі "Қарағанды қаласының жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыру туралы" N 10/08 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-1-113 тіркелген, 2010 жылғы 27 сәуірдегі N 64 (20848) "Орталық Қазақстан", 2010 жылғы 27 сәуірдегі N 46 (20909) "Индустриальная Караганда" газеттерінде жарияланған) өзгертулер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулы кіріспесіндегі ", "Қарағанды қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы ХХVІІІ сессиясының N 302 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген N 8-1-106)" сөздері жойылсын;
      2) 1 тармағы 4 тармақшасындағы "20 000" саны "26 000" санына ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Халел Мұқатайұлы Мақсұтовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Қала әкімі                                 Б. Әбдішев