"Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілген әлеуметтік көмектің Қағидасын бекіту туралы" 2008 жылғы 11 наурыздағы N 415 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 30 наурыздағы N 101 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жалағаш ауданының әділет басқармасында 2010 жылы 14 сәуірде N 10-6-148 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 12 шілдедегі N 232 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011.07.12 N 232 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңдарына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілген әлеуметтік көмектің Қағидасын бекіту туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 11 наурыздағы N 415 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің 2008 жылғы 14 сәуірде N 10-6-90 болып тіркелген, 2008 жылғы 19 сәуірде N 33 (6651) "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      қаулының тақырыбында "көрсетілген" деген сөз "көрсетілетін" деген сөзбен ауыстырылсын;
      кіріспеде:
      "басқару" деген сөзден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің Қағидасында:
      9-тармақта:
      "уәкілетті орган (бұдан әрі-уәкілетті орган)-аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне" деген сөздер "Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (бұдан әрі - уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақшадағы "қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы" деген сөздер алынып тасталсын;
      12-тармақ алынып тасталсын;
      20-тармақта:
      "Қазақстан Халық Банкі" акционерлік қоғамының Жалағаш аудандық басқармасы" деген сөздер "немесе екінші деңгейдегі банктер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      21-тармақ алынып тасталсын;
      22-тармақта:
      2) тармақшадағы "шешімі, ұйғарымы, қаулысы" деген сөздер "актілері" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі                        Қ. БЕКЕНОВ