"Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмектің кейбір түрлерін көрсету жөнінде қосымша шаралар белгілеу туралы" Қазалы аудан әкімдігінің 2008 жылғы 22 шілдедегі N 224 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 05 мамырдағы N 182 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қазалы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 11 маусымда N 10-4-121 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 04 наурыздағы N 18 қаулысымен

      «Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго, 1944 жылғы 7 желтоқсан) ережелеріне сәйкес азаматтық авиацияның халықаралық стандарттарын енгізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық авиациядағы аэронавигация мақсаттары үшін көлденең жазықтықта есептеу (геодезиялық) жүйесі ретінде Дүниежүзілік геодезиялық координаталар жүйесін - 1984 (WGS-84) пайдалану, тік жазықтықта есептеу жүйесі ретінде негіз есебінде қабылданған теңіздің орташа деңгейін (MSL) пайдалану болып белгіленсін;
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен және Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігімен келісім бойынша:
      Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 4, 11, 14, 15-қосымшаларына сәйкес дәлдікпен және айыру қабілетімен Қазақстан Республикасының әуе трассалары мен әуеайлақтары жөніндегі аэронавигациялық деректерді осы қаулының 1-тармағына сәйкес анықтау мен жариялауды қамтамасыз етсін;
      осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де іс-шаралар қабылдансын.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов