"2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы N 192 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қызылорда облыстық мәслихатының 2010 жылғы 19 шілдедегі N 245 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2010 жылы 21 шілдеде N 4253 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облыстық мәслихатының 2011 жылғы 26 қаңтардағы N 1-55М хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2011.02.21 N 50-303 Шешімімен

       Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Ескелді ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшін 2010 жылдың бюджет қаражаты есебінен 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

      Ескелді ауданы мәслихатының
      IV шақырылымындағы мәслихатының
      XLI сессиясының төрайымы                   Құлбекова Бижамал Бекенқызы

      Ескелді ауданы хатшысы                     Тастанбаев ҚалабекТастанбайұлы