"2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 22-2 Шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы мәслихатының 2010 жылғы 17 қарашадағы N 33-3 Шешімі. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 25 қарашада 60 нөмірімен тіркелді. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Жамбыл облыстық Әділет департаментінің 2013 жылғы 11 наурыздағы N 2-2-17/388 хаты)

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4-тармақшасын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа алып, аудандық ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 11 маусымдағы N 5 және 3 қыркүйектегі N 19, N 20 ұйғарымдарына сәйкес, Ғ.Мұратбаев ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШЕМІН:
      1. Ғ.Мұратбаев ауылының шығыс жағындағы атауы жоқ көшеге Тәуелсіз Қазақстан атауы берілсін.
      2. Ғ.Мұратбаев ауылының солтүстік-батыс бетіндегі атауы жоқ көшеге Көбейсін Іскендіров атауы берілсін.
      3. Ғ.Мұратбаев ауылындағы орталық көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Қали Наурызбаев атауы берілсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауға алуды өз міндетіме қалдырамын.
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ғ.Мұратбаев ауылдық округі
      әкімінің міндетін уақытша атқарушы              А.Шалболова