"Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" 2009 жылғы 6 ақпандағы № 51 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 03 наурыздағы № 55 қаулысы. Ақтөбе облысының Алға аудандық Әділет басқармасында 2010 жылдың 31 наурызда № 3-3-106 тіркелді. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімі аппаратының 2013 жылғы 22 ақпандағы № 05-1/419 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімі аппаратының 2013.02.22 № 05-1/419 Хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 3137 баптарына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілері туралы» Заңының 28 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алға ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 6 ақпандағы № 51 «Халықтың мақсатты тобынан жүмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» (Алға аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 13 ақпанында № 3-3-71 болып тіркелген, 2009 жылғы 17 ақпанда «Жұлдыз-Звезда» газетінің № 8-9 санында жарияланған), аудан әкімдігінің 2009 жылғы 28 сәуірдегі № 155 қаулысына (Алға аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 21 мамырында № 3-3-81 болып тіркелген, 2009 жылғы 26 мамырдағы «Жұлдыз-Звезда» газетінің № 23-24 санында жарияланған), аудан әкімдігінің 2009 жылғы 1 қыркүйектегі № 333 қаулысына (Алға аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 23 қыркүйегінде № 3-3-87 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 қыркүйегіндегі «Жұлдыз-Звезда» газетінің № 41 санында жарияланған) және аудан әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 455 қаулысына (Алға аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 13 ақпанында № 3-3-99 болып тіркелген, 2010 жылдың 9 ақпанындағы «Жұлдыз-Звезда» газетінің № 7 санында жарияланған) енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып, қаулыға төмендегідей өзгеріс енгізілсін.
      Қосымшадағы, шаруа қожалықтары, ауылдық тұтыну кооперативтерінде әлеуметтік жұмыс орындарындарындағы «100» деген сан «95» деген санмен өзгертілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Акқағазовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгІзіледі.

      Алға ауданының әкімі                   Қ.Сәрсенғалиев