Облыс әкімдігінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі № 330 "Облыс аумағында суды қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 330 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 11 қазанда № 3345 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 291 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Зырян ауданы әкімдігінің 2011.03.18 N 369 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) қаулысымен.

      Әскери шақыру комиссиясының мүшесі Зырян ауданы әкімінің орынбасары Е.К. Кубентаевтың жұмыстан шығуына байланысты «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылғы сәуір–маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеу Реестріне № 5-12-105 тіркелген, 2010 жылғы 14 маусымдағы «Зырян Инфо» газетінде жарияланған) Зырян ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 648 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      әскериге шақыру комиссиясының құрамына Зырян ауданы әкімінің орынбасары Николай Ефимович Игнашин - әскерге шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары болып кіргізілсін;
      әскерге шақыру комиссиясының құрамынан Е.К. Кубентаев шығарылсын.
      Қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 2010 жылдың 01 қазанынан пайда болған құқық қатынасқа тартылады.
 
 

      Зырян ауданының әкімі                   Е. Сәлімов