Бұланды ауданында 2011 жылда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № А-12/494 қаулысы. Ақмола облысы Бұланды ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 14 қаңтарда № 1-7-128 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімі аппаратының 2013 жылғы 18 маусымдағы № 03-20/761 хатымен)

      «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумақтарындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2010 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен Молдова Республикасына ізгілік көмек көрсету шеңберінде материалдық құндылықтарды жеткізу бойынша көлік шығыстарын өтеу үшін 14360966,47 теңге (он терт миллион үш жүз алпыс мың тоғыз жүз алпыс алты теңге қырық жеті тиын) сомасында қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов