Бұланды ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 20 қаңтардағы № А-01/11 қаулысы. Ақмола облысы Бұланды ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 16 ақпанда № 1-7-108 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № а-01/18 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 16.02.2016 № а-2/55 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына сәйкес, әлеуметтік қорғалуға мұқтаж тұлғаларға көмек көрсету мақсатында Атбасар ауданының әкімдігі Қаулы етеді:
      1. Жұмыс орындардың жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар аудан әкімінің орынбасары Ж.Г.Каженовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Атбасар ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар ауданының
      әкімі                                      Р.Әубәкіров