«Астана қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 284/42-ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 қазандағы N 399/52-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2010 жылғы 21 қазанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 651 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 12 мамырдағы № 449/62-IV шешімімен

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, Абай ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Атаусыз көшелерге:
      1) Абай ауылы Автостанция мөлтек ауданындағы атаусыз № 2 көшеге Нұрдәулет Ақышев;
      2) Абай ауылы Автостанция мөлтек ауданындағы атаусыз № 3 көшеге Нұрмаханбет Жұматаев;
      3) Абай ауылындағы орталық стадион маңындағы атаусыз көшеге Рымкүл Табылдиева атаулары берілсін.
      2. Абай ауылындағы Киров көшесі Мырзалы Юсупов атауына өзгертілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімінің орынбасары Ш.Тұрсынбаевқа жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.      

      Ауыл әкімі:                                Р.Қармысов