"Егістіктің жойылған алқаптарын анықтау әдістемесін және Өнімнен болжанатын кірісті анықтау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 316 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 12 шілдедегі № 443 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 6 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6376 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 321 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.10.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Егістіктің жойылған алқаптарын анықтау әдістемесін және Өнімнен болжанатын кірісті анықтау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 316 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4707 болып тіркелген, 2007 жылғы 17 тамыздағы "Заң газетінде" № 126 (1155) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбындағы "және Өнімнен болжанатын кірісті анықтау әдістемесін" деген сөздер алынып тасталсын;

      1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Егістіктің жойылған алқаптарын анықтау әдістемесінде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Ауыл шаруашылығы дақылдары егістерінің зақымданған немесе жойылған алқаптарын анықтау жоғарыда аталған себу тәсілдеріне сәйкес гектармен жүзеге асырылады.

      Егістіктің толық жойылуы - өнімді одан әрі өсіруге және астық жинауға жұмсалатын шығындар өнім алудан түсетін болжамды кірістен асып түсетін егістікке қолайсыз табиғат құбылыстары әсерінің салдары.

      Өнімді одан әрі өсіруге және жинауға жұмсалған шығындар өнім алудан түсетін болжамды кірістен асып түсуін комиссия анықтайды және қолайсыз табиғат құбылыстарының әсеріне ұшыраған алқапта егістіктердің 70 % және одан жоғары жойылған немесе зақымданған жағдайда белгіленеді.

      Қолайсыз табиғат құбылыстарының әсеріне ұшыраған алқаптағы егістіктердің 70 %-дан аз зақымданған жағдайда, комиссия егістіктердің ішінара жойылғанын белгілейді.

      Мысалы: "ABC" шаруа қожалығы жалпы алқабы 1000 гектар егістікті, оның ішінде арпа егістігін 500 гектары (№ 1 танап) және бидай егістігін 500 гектары (№ 2 танап) сақтандырды. Қолайсыз табиғат құбылысының – құрғақшылықтың әсері нәтижесінде сақтандыру жағдайы орын алды.

      Комиссияның сақтандырылған егістіктердің жойылған алқаптарына зерттеу жүргізу нәтижелері бойынша қолайсыз табиғат құбылыстарының әсеріне ұшырағын арпа егістіктің жойылған пайызы сақтандырылған танап алқабынан (500 га) 75 % құрайтыны анықталды және одан әрі оларды өнім алу мақсатында өсіру немесе жинау бойынша әрекет жасау экономикалық мақсатты емес болып табылады, яғни арпаның 500 гектар алқабындағы № 1 танап егістігінің толық жойылуы орын алды.

      Есеп: өсімдіктердің барлық саны – 300 дана/шаршы метрде.

      Қолайсыз табиғат құбылыстарынан зақымданған өсімдіктердің саны – 1 шаршы метрде 225 дана.

      Зақымданған өсімдіктердің пайызы – 225 х 100 : 300 = 75 %.

      Жойылған алқабы – 500 х 75 % = 375 гектар, ол сақтандырылған алқабынан 70 % жоғары, яғни 500 га арпа алқабында егістіктің толық жойылғаны белгіленіп отыр.

      Қолайсыз табиғат құбылыстарының әсеріне ұшыраған бидай егісі біркелкі зақымданған және комиссия 500 га бидай алқабында сақтандыру жағдайы болған барлық танап егістігінің (№ 2 танап) ішінара жойылғаны анықтады.

      Есеп: өсімдіктердің барлық саны – 300 дана/шаршы метрде.

      Қолайсыз табиғат құбылыстарынан зақымданған өсімдіктердердің саны – 1 шаршы метрде 170 дана.

      Зақымданған өсімдіктердің пайызы – 170 х 100 : 300 = 56,6 %.

      Жойылған алқабы – 500 х 56,6 % = 283 гектар, ол сақтандырылған алқаптың 70 % аз, яғни 500 га бидай алқабында егістік ішінара жойылған.";

      мынадай мазмұндағы 3-Тараумен толықтырылсын:

      "3. Сақтандыру жағдайы басталған кезде өнімнің кірісін және зиян мөлшерін есептеу

      7. Кірісті есептеу қолайсыз табиғат құбылыстарының әсеріне ұшыраған алқапта өсімдік шаруашылығы өнімі түрін өндірудің 1 гектарынан жүзеге асырылады.

      Нақты кiрiс қолайсыз табиғат құбылыстары әсер еткен өсiмдiк шаруашылығы өнiмi түрiнiң барлық көлемi сатылғаннан кейiн есептелiп шығарылады.

      Бағаланатын кіріс қолайсыз табиғат құбылыстары әсер еткен өнiм жиналғаннан кейiн және өсiмдiк шаруашылығы өнiмi түрiнiң барлық көлемi сатылғанға дейiн есептелiп шығарылады. Бағаланатын кірісті есептегенде өнімге егін жинау кезінде қалыптасқан баға қолданылады.

      Кірісті есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      К = Б х Ө,

      мұндағы: К – қолайсыз табиғат құбылыстарының әсеріне ұшыраған сақтандырылған алқаптан түскен нақты немесе бағаланған кіріс, теңге;

      Б - өнімнің бағасы, теңге/тонна;

      Ө - қолайсыз табиғат құбылыстарының әсеріне ұшыраған сақтандырылған алқаптан алынған нақты жалпы жиын, тонна.

      8. Залал көлемi мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде белгiленген өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрiн өндiрудiң бiр гектарына жұмсалған шығындар нормативiнiң мөлшерi мен қолайсыз табиғат құбылыстарының әсерiне ұшыраған алқапта өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрiн өндiрудiң бiр гектарынан алынған, қолайсыз табиғат құбылыстары әсер еткен өнiмнiң осы түрiн өндiру алқабына көбейтiлген кiрiс арасындағы оң айырмасы ретiнде анықталады.

      ЗМ = (ШН – К1га) х S,

      мұндағы: ЗМ - қолайсыз табиғат құбылысы әсеріне ұшыраған алқаптан сақтандыру жағдайы болған кезде сақтандырушының шеккен зияны, теңге;

      ШН - өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартын жасасқан сәтте белгіленген шығындар нормативі, теңге/гектар;

      К1га - қолайсыз табиғат құбылыстарының әсеріне ұшыраған сақтандырылған алқаптың 1 га алынған нақты немесе бағаланған кіріс, теңге/гектар;

      S - қолайсыз табиғат құбылыстарының әсеріне ұшыраған барлық танаптың алқабы, гектар.

      Шығын нормативі мен кірістің арасында оң айырма болған жағдайда сақтанушыға жасалған есепке сәйкес сақтандыру төлемі төленеді.

      Теріс айырма болған кезде зиянның болмауына байланысты сақтандыру төлемі төленбейді.

      Егістік толық жойылған жағдайда зиян мөлшері өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартын жасасқан сәтте белгіленген өсімдік шаруашылығы өнімнің түрін өсірудің бір гектарына арналған шығындар нормативінің қолайсыз табиғат құбылысы әсер ететін осы өнім түрін өсіру алқабына көбейтілген мөлшері ретінде анықталады.

      ЗМ = ШН х S,

      мұндағы: ШН - өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартын жасасқан сәтте белгіленген шығындар нормативі, теңге/гектар;

      А - қолайсыз табиғат құбылыстарының әсеріне ұшыраған алқап, гектар.

      Мысалы: Ақмола облысындағы "АВС" шаруа қожалығының сақтандырылған алқабы (2 далалық аймақ, оңайлатылған агротехнология) 1000 гектарға тең. Оның ішінде 500 га арпа егістігі (№ 1 танап), 500 га бидай егістігі (№ 2 танап). Комиссия 500 га алқапта арпаның толық жойылғанын, бидайдың ішінара жойылғанын белгіледі. 500 га бидайдың ішінара жойылуы бойынша шығын мөлшерін айқындаймыз. Егінді жинау кезінде 1 тонна бидайдың бағасы 35 000 теңге болды.

      Қолайсыз табиғат құбылыстарының әсеріне ұшыраған алқаптан жиналған өнімнің көлемі 15 тонна құрады.

      К = Б х Ө = 35 000 теңге х 15 тонна = 525 000 теңге.

      К1га = 525 000 теңге : 500 гектар = 1050 теңге/гектар.

      Шығын нормативі 3457 теңгеге тең.

      ШЗ = (3457 – 1050) х 500 = 1 203 500 теңге.

      500 га арпаның толық жойлуы бойынша шығын көлемін айқындаймыз.

      Шығын нормативі 3266 теңгеге тең.

      ШЗ = 3266 х 500 = 1 633 000 теңге.

      Сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде "АВС" шаруа қожалығы бойынша шығынның жалпы мөлшері: 1 203 500 теңге + 1 633 000 теңге = 2 836 500 теңге құрайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Күрішбаев