"Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің м.а. 2010 жылғы 9 шілдедегі N 369 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 14 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6333 болып енгізілді.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мектеп - бала бақша» кешенінде балаларды тәрбиелеу мен оқытудың жай-күйіне, күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 10 наурыздағы № 110 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3632 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 27 қазанда № 133-134 (758) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Оспанов К.С.) бір аптаның ішінде осы бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ол бұрын жарияланған ресми баспа басылымына хабарласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                   Ж. Досқалиев