"Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу құжаттарының нысандарын және аккредиттеу алдындағы, аккредиттеуден кейінгі шарттардың типтік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйры

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 99 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 23 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6307 болып енгізілді

      «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу құжаттарының нысандарын және аккредиттеу алдындағы, аккредиттеуден кейінгі шарттардың типтік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5356 тіркелген, 2008 жылғы 3 желтоқсанда № 184 (1584) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрыққа 6-қосымшада:
      3-бағандағы атауы мынадай «салыстырып тексеру/калибрлеу әдістері құжаттарының анықтамалары немесе атаулары» деген редакцияда жазылсын;
      көрсетілген бұйрыққа 8-қосымшада:
      «Төлқұжат 7 кестені қамтиды» деген сөздер «Төлқұжат 6 кестені қамтиды» деген сөздермен ауыстырылсын.
      1-кесте. «Қызмет саласы (өлшеу құралдарының топтары бойынша)» деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген бұйрыққа 9-қосымшада:
      «Төлқұжат 6 кестені қамтиды» деген сөздер «Төлқұжат 5 кестені қамтиды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-кесте. «Қызмет саласы (өлшеу құралдарының топтары бойынша)» деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның одан әрі бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.К. Әбдібековке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары -
      Индустрия және жаңа
      технологиялар министрі                          Ә. Исекешов