"Біліктілік емтихандары туралы ережені бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы әкімшілігі жөніндегі комитеті Төрағасының 2010 жылғы 26 сәуірдегі N 01-01-31/139 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 25 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6246 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 302 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 2010.11.03 № 302 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуіріндегі Заңының 167-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, 174-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi жөнiндегi комитет туралы ереженің 17-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Біліктілік емтихандары туралы ереже бекітілсін.
      2. Атқарушылық іс жүргізуді ұйымдастыру департаменті және Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық-құқықтық қатынастар басқармасы белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның сот актілерін орындау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2010 жылдың 25 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Төраға                                       Г. Ким

Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты жанындағы
Сот әкімшілігі жөніндегі
комитет Төрағасының   
2010 жылғы 26 сәуіріндегі
№ 01-01-31/139 бұйрығымен
бекітілген      

Біліктілік емтихандары туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Біліктілік емтихандары туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуіріндегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 167-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Біліктілік емтиханынан өту жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асыруға лицензия беру үшін негіз болып табылады.
      3. Біліктілік емтиханына жіберу үшін үміткерлерге мынадай талаптар белгіленеді:
      жиырма бес жасқа жетуі;
      жоғары заңгерлік білімінің болуы;
      жеке сот орындаушысында кемінде бір жыл мерзіммен үздіксіз тағылымдамадан өтуі.
      4. Біліктілік емтиханынан өту үшін әрбір үміткерден жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақы алынады, алынған ақы үміткерлермен уәкілетті органның шотына аударады.
      Біліктілік емтиханының қанағаттанарлықсыз қорытындысы болған кезде біліктілік емтихан үшін енгізілген ақы қайтарылмайды.
      5. Лицензия алған, бірақ сот орындаушысының лауазымы жұмысына үш жыл бойы кіріспеген азамат біліктілік емтиханын қайтадан тапсырғаннан кейін ғана сот орындаушысының лауазымына жіберіледі. Біліктілік емтиханын қайта тапсырғаны үшін төлем алынбайды.
      Аталған мерзімді есептеу адамның жеке сот орындаушысының көмекшісі болып істеген уақытында тоқтатыла тұрады.
      6. Біліктілік емтиханын тапсыру үшін қажетті құжаттар тізімі:
      1) еркін нысанындағы өтініш;
      2) жеке куәлігінің көшірмесі;
      3) нотариалды куәландырылған жоғары заңгерлік білім туралы дипломның көшірмесі;
      4) тағылымдамадан өтудің аяқталуы туралы қорытындының көшірмесі.

2. Біліктілік емтиханын өткізу тәртібі

      7. Біліктілік емтиханы оның өтуіне үміткерлердің тек, кемінде бес өтінімі болған кезде өткізіледі.
      8. Егер үміткерлердің саны он бес адамнан асып кеткен жағдайда, біліктілік комиссиясының үміткерлер санына қарай бірнеше күн бойы біліктілік емтиханын өткізеді.
      9. Үміткерлер осы Ереженің талаптарына сәйкес берген өтінімдерді қарағаннан кейін, біліктілік комиссиясы үміткерлердің мекен-жайына күні мен уақытын көрсете отырып, біліктілік емтиханының өтетіндігі туралы хабарлама жібереді.
      10. Біліктілік емтиханын өткізу күніне дейін екі күнтізбелік күн бұрын оған жіберілген адамдардың тізімін біліктілік комиссиясының төрағасы бекітеді.
      11. Біліктілік емтиханына дәлелді себеппен келмеген кезде (денсаулығына, отбасылық және қызметтік жағдайларына байланысты) үміткер болмаған емтихан күнін және келмеу себептерін көрсете отырып, өтініштің негізінде қандай да бір басқа күні өткізілетін емтиханға жіберіледі. Бұл жағдайда, біліктілік емтиханын өткізу үшін үміткерден ақы алынбайды.
      12. Біліктілік емтихан екі кезеңде өткізіледі:
      біріншісі – тестілеу;
      екіншісі – ауызша емтихан.
      13. Әрбір үміткерді біліктілік емтиханына берілген жалпы уақыт сексен минуттан аспайды. Оның ішінде тестілеуге – отыз минуттан аспайды және билет бойынша жауап дайындауға – отыз минуттан аспайды. Тест сұрақтарының және ауызша емтихан сұрақтарының мазмұны жалпы заңнамалық нормаларды, атқарушылық өндірісі жайлы заңнама нормасын, сонымен бірге, басқа да атқарушылық өндірісін ұйымдастыру мәселелері бойынша сабақтас құқықтар мен сұрақтарды қамтиды.
      14. Тестілеу жазбаша түрде тест сұрақтарына жауаптар нысанында немесе компьютерлік техниканы пайдалана отырып жүзеге асырылады. Тестілеу кезінде сұрақтардың саны елуден аспайды.
      15. Ауызша емтиханға тест сұрақтарының кемінде сексен пайызына дұрыс жауап берген үміткер жіберіледі. Тестілеу нәтижелері бойынша ауызша емтиханға жіберілмеген үміткер біліктілік емтиханынан өтпеген болып есептеледі.
      16. Ауызша емтихан емтихан билетінің сұрақтарына және біліктілік комиссиясы мүшелерінің қосымша сұрақтарына ауызша жауап нысанында өткізіледі.
      17. Емтихан аяқталғаннан кейін, тестілеу және ауызша емтихан нәтижелері бойынша жасалған хаттамаға Біліктілік комиссиясының мүшелері және хатшы қол қояды.
      18. Біліктілік емтиханынан өтпеді деп танылған тұлға біліктілік емтиханы өткізілген күннен бастап, кемінде бір жылдан кейін, оның нәтижесінде өтпеді деп танылған тұлғаның біліктілік емтиханы үшін қайта ақы төлеген жағдайында одан қайтадан өте алады.
      19. Емтиханға қайта кіру туралы өтінішпен үміткер біліктілік комиссиясына жүгінеді, ол осындай өтініштердің түсу шамасына қарай алты айдан бір реттен көп емес құрамында кемінде он адам бар, қайта біліктілік емтиханынан өтуге үміткерлерден тұратын жеке топты жинақтайды. Осындай топтың жинақталуына қарай, біліктілік комиссиясы үміткердің мекен-жайына біліктілік емтиханын қайта өткізу күнінің және уақытының тағайындалғаны туралы хат жібереді.
      20. Біліктілік комиссиясы біліктілік емтиханын өтпеген тұлғаның қайта біліктілік емтиханынан өтуге жіберу туралы өтінішін қабылдайды және өтініш берген күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде өтініш берген адамды емтиханнан қайта өтуге үміткерлердің тобына енгізеді.
      21. Егер тұлға қайта өткізілген емтихан нәтижелері бойынша біліктілік емтиханынан өтпеді деп танылса, кейіннен жеке сот орындаушысында қайта тағылымдамадан өткеннен кейін ғана оның біліктілік емтиханынан өтуге жол беріледі.
      22. Біліктілік емтиханын өтпеген тұлға аппеляцияға бере алады. Негізгі наразылықтарын негізді айта отырып, тұлға аппеляция туралы жазбаша өтінішті уәкілетті орган басшысының атына әрі адам біліктілік емтиханынан өтпеді деп танылғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
      Аппеляцияны қарау нәтижесі хаттамамен рәсімделеді және біліктілік комиссиясына орындау үшін беріледі. Қайтадан аппеляцияға жол берілмейді.