29.03.2010

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұй

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының «Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерлері туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 54 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 168 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4873 тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесінде:
      4-тармақта:
      3) тармақша алынып тасталсын;
      екінші бөліктегі «аграрлық-өнеркәсіптік» деген сөздердің алдынан «банкаралық ақша аудару жүйесінің операторынан, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. Осы қаулының 1-тармағының төртінші абзацы 2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі. Осы қаулының 1-тармағының бесінші абзацының қолданысы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таралады.
      3. Лицензиялау департаменті (Н.Қ. Қасқаманова):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы қаулыны мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау жөніндегі шараларды қабылдасын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.

      Төрайым                                          Е. Бахмутова

      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық Банкі
      Төраға Г.А.Марченко
      Қолы _______________
      16 сәуір 2010 жыл


Дата вступления в силу:  11.05.2010
Дата изменения акта:  29.03.2010
Дата принятия акта:  29.03.2010
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  109000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  52399
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  47
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  006005000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz