"Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарын және әкімдерді сайлау кезінде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және оны пайдалану туралы есеп берудің Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2010 жылғы 14 қазандағы N 10/13 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 28 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6604 болып енгізілді

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 1) тармақшасына және  34-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарын және әкімдерді сайлау кезінде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және оны пайдалану туралы есеп берудің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы № 19/222 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 870 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарын және әкімдерді сайлау кезінде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және оны пайдалану туралы есеп берудің Ережесінде:
      12-тармақта:
      бірінші абзацта «шешім алып» деген сөздер «шешім қабылдайды» деген сөздермен ауыстырылсын, «, бұл жөнiнде тиісті аумақтық әділет органдарын жетi күн мерзiм iшiнде хабардар етедi» деген сөздер алынып тасталсын;
      екінші абзац алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      Төрағасы м.а.                                       В. Фоос

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      хатшысы                                            Б. Мелдешов