2009 жылғы 11 маусымдағы № 12-2 "Ақсай қаласының жасыл желектерін күтіп ұстау мен қорғау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 17-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 11 ақпанда № 7-3-89 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 18 шілдедегі № 5-9 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 24 қыркүйектегі № 1433 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтағы «34345085 (отыз төрт миллион үш жүз қырық бес мың сексен бес)» деген сандар мен сөздер «24341100 (жиырма төрт миллион үш жүз қырық бір мың бір жүз)» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов