Ақжайық ауданы мәслихаттың 2008 жылғы 5 наурыздағы N 4-5 "Ақжайық ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегін беру Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 cәуірдегі N 13-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 19 мамырда N 7-2-74 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 29 маусымдағы N 23-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихаттың 2010.06.29 N 23-4 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы",   "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аудандық мәслихаттың "Ақжайық ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегін беру Қағидасын бекіту туралы" 2008 жылғы 5 наурыздағы N 4-5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-2-54, 2008 жылы 26 сәуірінде "Жайық таңы" газетінде жарияланған), аудандық мәслихаттың шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) 5-ші тармақтың 2-ші азат жолындағы "20" саны "5" санымен ауыстырылсын,
      2) 24-ші тармақтағы "Электроэнергия мөлшерлемесі 1 кв/сағ - 4,96 теңге, 1 айға норма" деген сөзден кейінгі "150" саны "200" санымен ауыстырылсын.
      Осы тармақтағы "Табиғи газ мөлшерлемесі 1 текше метр - 6,73 теңге, 1 айға норма" деген сөзден кейінгі "150" саны "200" санымен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы
      Мәслихат хатшысы