Аудандық мәслихаттың "2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы" 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 10-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 ақпандағы N 11-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 11 наурызда N 7-2-70 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 26 ақпандағы N 19-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2012.03.16 N 87 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы"  Заңының 7 бабын және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 19 қыркүйектегі "Казталов ауданында мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету туралы" N 244 қаулысына (мемлекеттік тіркеу тізілімінде 18.10.2006 жылы N 7-8-31 санымен тіркелген аудандық "Ауыл айнасы" газетіне 6.11.2006 жылы жарияланған) төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген мүгедектерді жұмысқа орналастыру мекемелерінің тізіміне 30, 31 тармақтары мынадай редакцияда жасылсын:
      "30. Казталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 87;
      31. Казталов аудандық мәдени-демалыс орталығы 175".
      2. Осы қаулы баспасөзде ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.
      3. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары К. Садбековке жүктелсін.

      Аудан әкімі