2009 жылғы 23 сәуірдегі "Жұмыссыздықтан халықтың мақсатты топтарын әлеуметтік қорғаудың шаралары және оларды қаржыландырудың нұсқаулық туралы" № 31 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 тамыздағы N 297 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Көкпекті аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 22 қыркүйекте N 5-15-59 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Көкпекті ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 07 маусымдағы N 659 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Көкпекті ауданы әкімдігінің 2010.06.07 N 659 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағы негізінде Көкпекті ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылғы 23 сәуірдегі «Жұмыссыздықтан халықтың мақсатты топтарын әлеуметтік қорғаудың шаралары және оларды қаржыландырудың нұсқаулық туралы» № 31 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-15-53 тіркелген, «Жұлдыз» газетінің 2009 жылғы 20 маусымдағы № 26 санында жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1 тармақта 1) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы бірінші рет ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                   Д. Мусин