"Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық шаруашылық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 5-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 қазандағы N 16-8 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 қарашада N 5-14-97 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Күршім аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 маусымдағы N 28-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Күршім аудандық мәслихатының 2011.06.20  N 28-8 шешімімен .

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6 бабы 1 тармағы 7) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй–коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережесін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 5-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне № 5-17-67 болып тіркелген, аудандық «Рауан» газетінің 2008 жылғы 07 маусымдағы № 23 санында жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
      1 қосымшаның 11 тармағындағы:
      «Тұрғын үй көмегіне өтініш берген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, Ережеге сәйкес, есепке тіркелген сәттен бастап ағымдағы төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады. Бұрынғы қарыздарының өтелуі коммуналдық қызмет көрсетушілермен келісіледі және бақылауға алынады. Ескі қарыздың жойылуы коммуналдық қызмет көрсетушілермен келісіліп бақыланады» - сөйлемдері алынып тасталсын.

      2. «Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді» сөздері «осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі» сөздерімен ауыстырылсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                      М. Нұрмұханов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                              Қ. Әбілмәжінов