"Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 5-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 шілдедегі N 15-13 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 7 тамызда N 5-14-89 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Күршім аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 маусымдағы N 28-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Күршім аудандық мәслихатының 2011.06.20  N 28-8 шешімімен .

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 7) тармақшасына сәйкес Күршім аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 5-4 шешімге мынадай өзгертулер енгізілсін:
      Аталған шешімнің қосымшасы «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережесін бекіту туралы»
      2 бөлім Тұрғын үй көмегін беру шарттары:
      12 тармақта:
      “қайта аттестациялауды” деген сөзі “қайта ресімдеуді” сөзімен ауыстырылсын;
      18 тармақта, барлық тармақ бойынша:
      “аттестациясына”, “аттестациядан” деген сөздері “ресімдеуіне”, “ресімдеуден” сөздерімен ауыстырылсын;
      22 тармақта:
      “қайта аттестациядан” деген сөзі “қайта ресімдеу” сөзімен ауыстырылсын;
      23 тармақ, барлық тармақта:
      “аттестациядан” деген сөздері “ресімдеуден” сөздерімен ауыстырылсын
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                                 Ж. Әзімбаев

      Аудандық мәслихаттың хатшысы                    Қ. Әбілмәжінов