Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасын бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы N 324 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 4 маусымда N 14-15-75 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 7 ақпандағы N 66 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 01.04.2016 N 13/6 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7-баптарына сәйкес Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбек нарқындағы жағдайды ескере отырып, тұрғындарды әлеуметтік қорғау шараларын кеңейту мақсатында нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі бекітілсін:
      еңбек нарқында талап етілмейтін, ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар;
      жас отбасылар (29 жасқа дейінгі ерлі-зайыптылар);
      жұмысқа тұруда қиындық көріп жүрген жасы 45 жоғары жастағы әйелдер;
      кәмелеттік жасқа толмаған балаларды тәрбиелейтін және (некені бұзғаннан кейін) қайта некеге тұрмаған жесір әйелдер;
      қоғамдық жұмыстарға тартылған, бірақ жұмысқа тұрғызылмаған тұлғалар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі
О. Бітебаев