"2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы" Созақ аудандық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 86 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2009 жылғы 15 шілдедегі N 131 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 шілдеде N 14-12-77 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2011 жылғы 14 наурыздағы N 93 хатымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Болгария Республикасының Үкіметі арасындағы Экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Өрентайұлы Исекешевке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Болгария Республикасының Үкіметі арасындағы Экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011.10.03 № 1132 Қаулысымен.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 16 шілдедегі
N 1079 қаулысымен 
мақұлданған    

жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Болгария Республикасының
Үкіметі арасындағы Экономикалық ынтымақтастық туралы келісім

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Болгария Республикасының Үкіметі,
      Тараптар мемлекеттерінің арасында достық қатынастарды нығайту мен экономикалық және басқа да қатынастарды дамытуға ниет білдіре отырып,
      Болгария Республикасының Еуропалық Одақтағы мүшелігі мен осыдан туындайтын құқықтар мен міндеттемелерді назарға ала отырып,
      мына төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      1. Тараптар теңдік пен өзара тиімділік қағидаттарында Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес экономиканың барлық салалары мен аясында ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.
      2. Осы Келісімнің шеңберінде жүзеге асырылатын ынтымақтастық мыналарға:
      екі жақты экономикалық қатынастарды нығайту үшін экономикалық әлеуетті пайдалануға;
      екі жақты экономикалық, атап айтқанда инвестициялар мен инновациялар саласындағы қатынастарды жандандыруға;
      көліктік инфрақұрылымды және энергия жеткізгіштерді тасымалдау жүйелерін дамытуға;
      өңіраралық экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

2-бап

      1. Осы Келісімнің 1-бабында аталған ынтымақтастық:
      1) Тараптар мемлекеттерінің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің арасындағы ынтымақтастықты дамыту;
      2) бір Тарап мемлекетінің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің екінші Тарап мемлекетінің аумағындағы объектілерін жобалау, құрылысы, жөндеу немесе қайта салу, сондай-ақ технологиялық жаңғырту немесе Тараптар мемлекеттерінің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің олардың мемлекеттерінің аумағында не үшінші мемлекеттердің аумағында бірлесіп қатысуы;
      3) сертификаттау және стандарттау саласындағы өзара іс-қимыл;
      4) шаруашылық жүргізуші субъектілерді біріктіретін Тараптар мемлекеттерінің ұйымдары арасындағы байланыстарға жәрдемдесу;
      5) консалтингтік, заң, банктік және техникалық, оның ішінде Тараптар мемлекеттерінің, сондай-ақ үшінші мемлекеттердің аумағында инвестициялық жобаларды іске асыруға ықпал ететін қызметтерді дамыту;
      6) ынтымақтастықтың әр түрлі нысандарына, мамандармен және техникалық персоналмен алмасуға, оқытуға, көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысуға бастама жасау және жәрдемдесу;
      7) Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011.10.03 № 1132 Қаулысымен.

3-бап

      1. Тараптардың құзыретті органдары экономикалық қызметті жүзеге асыратын өкілдіктер, филиалдар, сондай-ақ Тараптардың өзге де мемлекеттерін құруға және қызметіне ықпал етеді.
      2. Экономикалық қызметті жүргізетін өкілдіктерді, филиалдарды немесе Тараптар мемлекеттерінің өзге мекемелерін құру және қызметі аумағында олар құрылған немесе жұмыс істейтін Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

4-бап

      Экономикалық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу мақсатында Тараптардың құзыретті органдары өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес:
      - экономикалық және инвестициялық қызмет, стандарттау, сертификаттау, лицензиялау шарттары, зияткерлік және өнеркәсіптік меншікті қорғау, инновациялық және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін іс жүзінде пайдалану мәселелерін реттейтін заңнама саласында;
      - Тараптар мемлекеттерінің аумағында жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы байланыстарды орнатуға ықпал ететін, оның ішінде көрмелер және жәрмеңкелер өткізу мәселелері жөніндегі іс-шараларға қатысты;
      - өзара мүддені білдіретін басқа да салаларда ақпарат алмасуды жүзеге асырады.

5-бап

      1. Осы Келісімнің ережелерін жүзеге асыру мақсатында Қазақстан-болгар экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы (бұдан әрі - комиссия) жұмыс істейді.
      2. Комиссияның міндеттері мыналар, атап айтқанда:
      - экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйіне кезеңмен шолулар мен бағалау жүргізу;
      - экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған ұсыныстарды дайындау;
      - экономикалық ынтымақтастықты дамытуды шектейтін проблемаларды анықтау және оларды жою мақсатында тиісті шаралар ұсыну;
      - осы Келісімді қолдануға немесе түсіндіруге қатысты даулы мәселелерді шешу болып табылады.
      3. Комиссия төрағалар басқаратын қазақстандық және болгар бөліктерінен тұрады.
      Өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес:
      - Тараптардың әрқайсысы өз бөлігінің төрағасын, хатшысын және құрамын белгілейді;
      - жекелеген мәселелерді қарау үшін Комиссия өз құзыреті шеңберінде олардың міндеттерін айқындай отырып, жұмыс топтарын құруға құқылы.
      4. Комиссия отырыстары қажеттілігіне орай Тарап мемлекеттерінде кезекпен жылына кемінде бір рет өткізіледі. Әрбір Төрағаның бастамасы бойынша Комиссияның кезектен тыс отырысының шақырылуы немесе төрағалардың кездесуіне бастама білдірілуі мүмкін.
      Бөліктердің төрағалары көзделіп отырған отырысты өткізгенге дейін бір айдан кешіктірмей Комиссияның кезекті отырысының шақырылымы мен оның күн тәртібі туралы мәселені өз араларында келіседі. Төрағалардың келісімі бойынша күн тәртібіне алдын ала көзделмеген мәселелер енгізілуі мүмкін. Бөліктердің төрағалары Комиссия отырысына өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес кеңесшілер мен сарапшыларды шақыруға құқылы.
      5. Комиссия отырысы хаттамамен ресімделеді.
      6. Комиссияның қызметіне байланысты мәселелерді оның отырыстарының арасындағы кезеңде Комиссия төрағалары немесе олардың тапсырмасы бойынша олардың орынбасарлары мен хатшылары жұмыс тәртібімен талқылайды.
      7. Комиссияның жұмыс барысын ол белгілеген регламент айқындайды.
      8. Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес Комиссияның қызметіне байланысты шығыстарды дербес көтереді.

6-бап

      1. Осы Келісімнің ережелері қатысушылары олардың мемлекеттері болып табылатын халықаралық шарттардан, сондай-ақ олардың халықаралық ұйымдардағы мүшелігінен туындайтын құқықтар мен міндеттемелерді қозғамайды.
      2. Бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы 1995 жылғы 23 қаңтардағы Әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім осы Келісіммен реттелетін мәселелерге қатысты артықшылық күшке ие болады.

7-бап

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

8-бап

      1. Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап Тараптардың ұлттық заңнамаларына қайшы келмейтін бөлігінде уақытша қолданылады және Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алғаннан кейін отыз күн өткен соң күшіне енеді.
      2. Осы Келісім белгісіз мерзімге жасалады. Тараптардың әрқайсысы мұндай ниеті туралы басқа Тарапқа жазбаша хабарлама жібере отырып, осы Келісімнің қолданылуын тоқтата алады. Мұндай жағдайда осы Келісім Тараптардың бірі мұндай хабарламаны алған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін күшін жояды.
      200__ жылғы "___"__________ _______________ қаласында әрқайсысы қазақ, болгар және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде Тараптар арасында түсініспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

       Қазақстан Республикасының              Болгария Республикасының
      Үкіметі үшін                           Үкіметі үшін