Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 2 ақпандағы N 17 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 18 ақпанда N 13-7-104 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 9 наурыздағы N 40 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының әкімінің 2010.02.02 N 1 шешімімен.

      "Әскери мiндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2009 жылғы қаңтардан наурызға дейін 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу өткізілсін.
      2. Ауданның селолық округтары мен кенттерінің әкімдері азаматтардың ұйымшылдықпен міндетті келуін қамтамасыз етсін.
      3. Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әли азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша үйлестіру кеңесін өткізсін.
      4. 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу қорытындылары туралы ақпарат 2009 жылдың 10 сәуіріне дейін Бұқар жырау ауданы әкімінің аппаратына ұсынылсын.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
      6. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Нашаров