"Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" Есіл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі № 223 қаулысына өзгертулер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 21 қыркүйектегі N 230 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 қазанда N 13-6-127 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 2 ақпандағы N 41 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2010.02.02 N 41 Қаулысымен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі № 223 қаулысына (2008 жылғы 14 қазанда Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-6-102 болып тіркелген, 2008 жылғы 31 қазандағы № 45(124) «Есіл таңы», 2008 жылғы 31 қазандағы № 46(8399) «Ишим» газеттерінде жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 2-тармағында «зейнет жастағы мүгедектерге» жолы «барлық санаттағы мүгедектерге» жолымен өзгертілсін.
      2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                 В. Бубенко