2009 жылғы 6 наурыздағы Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына арнаған «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Жолдауын жүзеге асыруға халықты жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс

Алматы қаласы әкімінің 2009 жылғы 12 мамырдағы № 4/313 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2009 жылғы 20 мамырда № 817 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 1/144 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің 2009 жылғы республикалық бюджеттен өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 164 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің 2009 жылғы республикалық бюджеттен өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесінде:
      7-тармақтың жетінші абзацы алынып тасталсын;
      Ережеге қосымшада:
      реттік нөмірі 7-жолдың "Өнімнің түрі" деген бағанында "Аммоний сульфаты*" деген сөздер "Аммоний сульфаты" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2009 жылғы 6 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов