Қазақстан Республикасының 1993 жылы туған азаматтарын 2010 жылы Лебяжі ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы N 83 шешімі. Павлодар облысы Лебяжі ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 26 қаңтарда N 12-9-102 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімінің аппараты басшысысының 2014 жылғы 06 наурыздағы N 31/1-36/89 хатымен)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Тұрғын үй құрылысы объектілерін салуды аяқтаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1163 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 23), 24), 25) тармақшалармен толықтырылсын:
      «23) «Ертегі әлемі» тұрғын үй кешені» объектісі (1, 2-кіреберіс), құрылыс салушы - «Шар-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, бір шаршы метр үшін 93820 (тоқсан үш мың сегіз жүз жиырма) теңге есебінен өзіндік құны бойынша сатып алуға арналған қаржыландыру сомасы 2265411000 (екі миллиард екі жүз алпыс бес миллион төрт жүз он бір мың) теңгеден аспайды;
      24) «Тұран» тұрғын үй кешені» объектісі, құрылыс салушы — Восток-ЛТД-Х» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, бір шаршы метр үшін 86400 (сексен алты мың төрт жүз) теңге есебінен қаржыландыру сомасы 122197248 (бір жүз жиырма екі миллион бір жүз тоқсан жеті мың екі жүз қырық сегіз) теңге;
      25) «Бес Тұлға» тұрғын үй кешені» объектісі, құрылыс салушы - «А-СОКР» акционерлік қоғамы, бір шаршы метр үшін 132000 (бір жүз отыз екі мың) теңге есебінен қаржыландыру сомасы 3544575880 (үш миллиард бес жүз қырық төрт миллион бес жүз жетпіс бес мың сегіз жүз сексен) теңге.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                       К Мәсімов