Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 ақпандағы "2009 жылға Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" N 68/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 26 қазандағы N 638/10 қаулысы. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 қарашада N 12-3-243 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 7 мамырдағы N 3-05/74 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010.05.07 N 3-05/74 хаты).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының   31-бабы, 1-тармағы, 14-тармақшасына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 ақпандағы "2009 жылғы Екібастұз қаласының жекеленген санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-3-217 болып тіркелген, 2009 жылғы 12 ақпандағы N 7 "Отарқа" және "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған), Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 2 маусымдағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 ақпандағы "2009 жылға Екібастұз қаласының жекеленген санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 68/2 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" N 316/6 қаулыларымен енгізілген толықтыруларымен және өзгерістерімен (2009 жылдың 10 маусымында нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-3-232 болып тіркелген, 2009 жылғы 11 маусымдағы N 24 "Отарқа" және 2009 жылғы 18 маусымдағы N 25 "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған) және 2009 жылғы 29 маусымдағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 ақпандағы "2009 жылға Екібастұз қаласының жекеленген санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 68/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 353/7 (2009 жылғы 14 шілдедегі нормативтік құқықтық  актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-3-235 болып тіркелген,  2009 жылғы 23 шілдедегі N 30 "Отарқа" және "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған) және 2009 жылғы 14 тамыздағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 ақпандағы "2009 жылға арналған Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" N 68/2 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" N 497/8 қаулыларымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-3-242 болып тіркелген, 2009 жылғы 24 қыркүйектегі N 39 "Отарқа" және "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған), N 68/2 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) Қаулының 3-тармақ 14-тармақшасындағы "біржолғы" сөзі алынып тасталсын;
      2) Қаулының 4-тармақ 14-тармақшасындағы "6 курстағы" саны мен сөзі "соңғы курстардың" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қарашасынан бастап туындаған құқықтық қатынастарда таратылады.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің  орынбасары С. Төлеубаевқа жүктелсін.

      Екібастұз қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы                          Н. Дычко