Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 130/2 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 30 қарашадағы N 1533/26 қаулысы. Павлодар облысы Павлодар қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 желтоқсанда N 12-1-147 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 15 шілдедегі N 1619/23 қаулысымен

      "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына, "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына сәйкес, экономикалық ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне "Curtis, Mallet-Prevost, Colt & Mosle LLP" компаниясының қалыптасқан төрелік талқылаулар бойынша Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру жөніндегі қызметтеріне ақы төлеу үшін 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша 4436689 (төрт миллион төрт жүз отыз алты мың алты жүз сексен тоғыз) АҚШ долларына балама сомада ақшалай қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов