Облыстық мәслихаттың (IV сайланған XI сессиясы) 2008 жылғы 18 желтоқсандағы "2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы" N 146/11 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Павлодар облыстық мәслихатының 2009 жылғы 24 шілдедегі N 214/16 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 24 шілдеде N 3139 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облыстық мәслихаты аппарат басшысының 2014 жылғы 03 қыркүйектегі N 1-11/560 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 12.10.2013 № 2825 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 1314 тармақшаларына және 37 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджеттік қаражатына қарай, Ақтөбе қаласы халқының мақсатты топтарына жататын тұлғаларының келесі қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) дәрігерлік-консультациялық комиссиясының анықтамалары бойынша жұмыста шектеу қойылатын тұлғалар;
      2) 50 жастан асқан әйелдер;
      3) 55 жастан асқан ерлер;
      4) 25 жасқа дейінгі жастар;
      5) ұзақ уақыт бойы жұмыс жасамаған тұлғалар (бір жылдан астам);
      6) жанұясында бір де бір адам жұмыс жасамайтын тұлғалар;
      7) 5 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.М.Қалдығұловаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Қала әкімі                              А. Мұхамбетов