18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағалар

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 59 қаулысы. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 1 сәуірде № 9-19-95 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 241 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 18.12.2015 № 241 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Казақстан Республикасы Заңының 31- бабының 2–тармағына және "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" Казақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу Ережесінің 30–тармағына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. 80 %-ға азайту жолымен дала аймағында жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты есептеу үшін нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), есепке алынуын түзету белгіленсін.
       2. 80 %-ға азайту жолымен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынған бағаларды түзету белгіленсін.
       3."Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға үміткер өтінушілердің жеке қосалқы шаруашылығынан алынған табыстарды есептегенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
       4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары М.В. Слесарьға жүктелсін.
       5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл ауданының
      әкімі                                      А.Сейфуллин