Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 9 ақпандағы № 17 "2009 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 145 қаулысы. Қостанай облысы Науырзым ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 шілдеде № 9-16-94 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 2-тармағына және 7-бабының 2) тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13), 14) тармақшаларына сәйкес, халықтың нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мақсатында Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Науырзым ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 9 ақпандағы № 17 "2009 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-16-87 тіркелген, 2009 жылғы 13 ақпандағы "Науырзым тынысы" газетінде жарияланған) толықтырулар енгізілсін:
      1-тармағы мына тармақшалармен толықтырылсын:
      "29) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      30) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар".
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы           Х. Қуатқанов

КЕЛIСIЛДI:

"Науырзым ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттiк мекемесiнің бастығы
___________________ М. Қаратаев
17 шілде 2009 жыл

"Науырзым ауданының қаржы бөлiмi"
мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
___________________ Р. Бөдекенова
17 шілде 2009 жыл     

"Науырзым ауданының экономика
және бюджеттiк жоспарлау бөлімі"
мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
___________________ А. Айтуарова
20 шілде 2009 жыл