"Жастар практикасын ұйымдастырудың мәселелері туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 14 мамырдағы N 827 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 15 қазандағы N 914 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінің Жалағаш аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 қарашада N 10-6-131 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы N 27 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2010.01.29 N 27 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңдарына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жастар практикасын ұйымдастырудың мәселелері туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 14 мамырдағы N 827 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің 2009 жылғы 22 мамырда N 10-6-125 болып тіркелген, 2009 жылғы 27 мамырда N 42 "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1-қосымшасымен бекітілген Жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жастар практикасынан өткізуді ұйымдастырудың тәртібінде:
      13-тармақтағы "қайтаруға міндетті" деген сөздер "қайтарады" деген сөзбен ауыстырылсын;
      16-тармақтағы "беруге міндетті" деген сөздер "беру қажет" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы баспасөз бетінде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ                               Ө. ШАМЕНОВ