"Ауданда жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын және кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру, қайта даярлауды ұйымдастыру туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 11 наурыздағы N 116 Қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 09 шілдедегі N 137 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қазалы ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 31 шілдеде N 10-4-101 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы N 49 Қаулысымен

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Ғылыми дәреже мен атаққа ие болған тұлғаларға берілетін дипломдарды, аттестаттарды және олардың төлқұжаттарын рәсімдеу мен беру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары аттестаттау комитеті төрағасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 163-Зж (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде N 2852 болып тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Н.Б. Қалабаев) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      Ж.Түймебаев