"2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 желтоқсандағы кезектен тыс ХІ сессиясының N 114 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 134 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 09 ақпанда N 4219 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облыстық мәслихатының 2010 жылғы 01 сәуірдегі N 1-214м хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2011.03.25 N 416 шешімімен.

      "Салық және бюжетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Сәтбаев қаласының базарларында тауар сату құқығына берілетін біржолғы талонның құнын белгілеу туралы" қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы XV сессиясының N 176 шешіміне (2008 жылғы 26 желтоқсанда Қарағанды облысы Әділет департаментінің Сәтбаев қаласы Әділет басқармасында 8-6-71 нөмірімен тіркелген және "Шарайна" газетінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы 119 (1677) нөмірінде жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен белгіленген Сәтбаев қаласының базарларында тауар сату құқығына берілетін біржолғы талонның құнында:
      кестенің 4-бағанындағы 10-жолындағы "29,65" саны "19,65" санына ауыстырылсын.
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы,
      қалалық мәслихат хатшысы                   М. Ковтун