Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 маусымдағы 39 сессиясының "Бұқар жырау ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау ережелері туралы" N 6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 22 сессиясының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 6 шешімі. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 қаңтарда N 8-11-86 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 5 сессиясының 2012 жылғы 21 маусымдағы N 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 5 сессиясының 2012.06.21 N 7 (қол қойылған күннен бастап  қолданысқа енеді) шешімімен.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 39 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 маусымдағы 39 сессиясының N 6 "Бұқар жырау ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау ережелері туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-40 болып енгізілген, "Сарыарқа" аудандық газетінің 2007 жылғы 28 шілдедегі N 30 санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген, Бұқар жырау ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау ережелерінде 17 тармақтағы "тыйым салынады" деген сөздер "жол берілмейді" деген сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            М. Базылов

      Мәслихат хатшысы                           А. Жүніспеков