Шағын және орта бизнесті бюджеттік кредиттеудің және ауыл халқын микрокредиттеудің негізгі талаптарын белгілеу туралы

Қарағанды облысының әкімдігінің 2009 жылғы 08 мамырдағы N 13/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 18 мамырда N 1866 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2015 жылғы 17 маусымдағы N 33/09 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 11.07.2016 № 3/38 шешімімен
      Ескерту. Тақырыбында және 1 - тармақта "селосы" деген сөз "ауылы" деген сөзбен ауыстырылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 23.07.2015 № 35/374 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер Кодексінің 8, 11 баптарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Маңғыстау ауылы бойынша бағалық аймақтарға бөлу шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері №№ 1,2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 2 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 23.07.2015 № 35/374 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Сессия төрағасы
Н. Кенджикараев
Аудандық мәслихат хатшысы
Б. Назар

      
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Мұнайлы аудандық жер
      қатынастары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі
      бастығының м.а.
      С. Тұрмағамбетов.
      "____"______________ 2009 жыл.

  Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 8 мамырдағы
№ 15/161 шешіміне 1 қосымша

      Ескерту: 1 қосымша қағаз нұсқада.

  Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 8 мамырдағы
№ 15/161 шешіміне 2 қосымша

      Ескерту. 2 - қосымшағы өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 23.07.2015 № 35/374 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері және Маңғыстау ауылы жер аймақтарының сипаттамасы

Аймақтар №№
Аймаққа енетін аумақтар
Бағалық аймақ бойынша коэффициенттер
1
селитебтік, екі қабатты және жеке тұрғын үй құрылысы салынған орталық бөлігі енетін аймақ.
2,0
2
Өнеркәсіптік аймақ
1,8
3
селитебтік, тұрғын массиві кіретін жеке тұрғын үй құрылысы салынған аймақ.
1,6

      Аймақтардың сипаты
      1-ші аймақ - селитебтік, екі қабатты және жеке тұрғын үй құрылысы салынған орталық бөлігі енеді. Бұл жердегі негізгі әкімшілік ғимараттар, жалпы білім беретін мектептер, спорт мектебі, мәдениет үйі, байланыс үйі, кітапхана, емхана, ауруханалық қалашық, мешіт, базар, қонақ үйі, ұсақ дүкендер желісі, кафелер, мейрамханалар шоғырланған.
      2-ші аймақ - өнеркәсіптік аймақ.
      3-ші аймақ - селитебтік, тұрғын массиві кіретін жеке тұрғын үй құрылысы салынған аймақ.