Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 28 қазандағы № 113 "Бейбіт жиналыстар, митингтер және пикеттер өткізу тәртібін қосымша регламентациялау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 шілдегі N 140 шешімі. Ақтобе облысы Хромтау аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 25 тамызда N 3-12-96 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 қазандағы № 55 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2012.10.24 № 55 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 67 баптарына сәйкес Хромтау аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. "Бейбіт жиналыстар, митингтер және пикеттер өткізу тәртібін қосымша регламентациялау туралы" нормативтік құқықтық кесімдердің тізілімінде 2005 жылғы 1 қарашада № 3-12-17 номерімен тіркелген, аудандық "Хромтау" газетінің 2005 жылдың 11 қарашасындағы № 45 санында жарияланған аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 28 қазандағы № 113 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) кіріспедегі "Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Заңының" деген сөздермен, "әкімнін" деген сөз "әкімдігінің" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) 1 - тармағының бірінші абзацынан мына сөздер алынып тасталсын:
      «Сауда орталығы», «Базар», «Халық банкісі», дүкендер «Союз», «Юбилейный», «Алмас», «Еламан»,
      1 - тармақта:
      екінші абзацта:
      "12" саны "14" санмен ауыстырылсын;
      "Молодежное" деген сөз "Тамды" деген сөзбен ауыстырылсын;;
      "Ойсылқара" деген сөзден кейін "Оңғар" деген сөзбен толықтырылсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                  Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы               хатшысы
      А.Егізбаев                         Д.Молдашев