Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2010.02.19 N 136 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" N 148 Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" N 66 Заңының 7 бабы 3 тармағына, 2009 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшері және ережесін бекіту туралы" N 183 каулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1.Қобда ауданының ауылдық елді мекендерінде орналасқан денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының мемлекеттік кәсіпорындарына немесе мемлекеттік мекемелеріне жұмыс істеуге келген, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының мамандарына жетпіс еселік айлық көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
2. Осы шешім Қобда ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күннің ағымында қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың
сессиясының төрағасы хатшысы
Қ. ЖИСОВ І. ҚОБЛАНОВ