Қарғалы ауданы халқының мақсатты топтарына жататын тұлғаларының қосымша тізбесін белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 16 қарашадағы N 248 қаулысы. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әділет басқармасында 2009 жылғы 10 желтоқсанда N 3-6-93 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 172 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 27.04.2016 № 172 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14 тармақшасына және 37 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабы 2 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 27.09.2013 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1.Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай Қарғалы ауданы халқының мақсатты топтарына жататын тұлғаларының келесі қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бойынша жұмыста шектеу қойылатын тұлғалар;
      2) 50 жастан асқан әйелдер;
      3) 55 жастан асқан ерлер;
      4) 25 жасқа дейінгі жастар;
      5) ұзақ уақыт бойы жұмыс жасамаған тұлғалар (бір жылдан астам);
      6) отбасында бірде-бір адам жұмыс жасамайтын тұлғалар;
      7) 5 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Тынымгереевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы олар бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
      Аудан әкімі М.Жұмағазиев