2009 жылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау ретінде көтерме жәрдемақы беру туралы

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2009 жылғы 18 маусымдағы № 2 шешімі. Ақтөбе облысының Алға аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 15 шілдеде № 3-3-85 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 ақпандағы № 3 шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабын, Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 4 келісімін және ауыл тұрғындарының 2007 жылғы 3 сәуірдегі N 4 және 4 сәуірдегі N 5 хаттамаларын және тұрғындар өтінішін басшылыққа алып, округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ақтоғай селосындағы:
      "Мичурин" атындағы көшенің атауы "Береке";
      "Центральная" атындағы көшенің атауы "Хызмет Абдуллин";
      "Жаңақұрылыс" атындағы көшенің атауы "Самал" атындағы көшесі деп;
      2. Ақбастау селосындағы:
      "Мир" атындағы көшенің атауы "Бейбітшілік";
      "Садовая" атындағы көшенің атауы "Алмалы" атындағы көшесі деп өзгертілсін.
      2. Тиісті қызмет көрсететін мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелерге Балтабай ауылындағы атауы өзгертілген көшелер таныстырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау, округ әкімінің орынбасары Сауле Базарбайқызы Алиповаға жүктелсін.
      4.Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Округ әкімі                                Н. Тайсариев