Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 3185 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 12 мамырдағы N 1095 қаулысы. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әділет басқармасында 2009 жылдың 25 мамырда N 3-1-110 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 6 ақпандағы № 480 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 11.07.2016 № 3/38 шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер Кодексінің 8, 11 баптарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Атамекен ауылдык округі бойынша бағалық аймақтарға бөлу шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері №№1,2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
      Ескерту. 1 тармағында "селолық" деген сөз "ауылдық" деген сөзбен ауыстырылсын- Мұнайлы аудандық мәслихатының 24.11.2014 № 27/278(жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы
Н. Кенджикараев
Аудандық мәслихат хатшысы
Б. Назар

      
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Мұнайлы аудандық жер
      қатынастары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі
      бастығының м.а.
      С. Тұрмағамбетов.
      "____"______________ 2009 жыл.

  Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 8 мамырдағы
№ 15/163 шешіміне 1 қосымша

      Ескерту: 1 қосымша қағаз нұсқада.

  Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 8 мамырдағы
№ 15/163 шешіміне 2 қосымша

      Ескерту. тақырыбында "селолық" деген сөз "ауылдық" деген сөзбен ауыстырылсын- Мұнайлы аудандық мәслихатының 24.11.2014 № 27/278(жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері және Атамекен ауылдық округі жер аймақтарының сипаттамасы

Аймақтар №№
Аймаққа енетін аумақтар
Бағалық аймақ бойынша коэффициенттер
1
Өнеркәсіптік аймақ
2,0
2
Қоғамдық- іскерлік және тұрғын аймақ.
1,8
3
Резервтегі аймақ (өнеркәсіптік аймақтың болжамды дамуы)
1,6

      Аймақтардың сипаты
      1-ші аймақ - Өнеркәсіптік аймақ
      2-ші аймақ - Қоғамдық- іскерлік аймақ, екі қабатты және жеке тұрғын үй құрылысы салынған орталық бөлігі енеді. Бұл жердегі негізгі әкімшілік ғимараттар, емхана, ұсақ дүкендер желісі, базар, мейрамхана, сөйлесу пункті шоғырланған.
      3-ші аймақ - Резервтегі аймақ. (өнеркәсіптік аймақтың болжамды дамуы)