"Он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларға қосымша көмек беру туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2007 жылғы 10 мамырдағы N 156 қаулысына толықтыру және өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 13 наурыздағы N 80 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 26 наурызда N 3286 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 09 тамыздағы № 261 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 339 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      реттік нөмірі 14-жолдың 3-бағанындағы "716" деген сандар "731"  деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов