Целиноград аудандық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 86/15-4 "2009 жылғы аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2009 жылғы 1 қазандағы № 144/22-4 шешімі. Ақмола облысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 9 қазанда № 1-17-119 тіркелді. Күші жойылды -  Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 185/27-4 шешімімен

      "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына, "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне Алматы қаласының магистральдық инженерлік желілерін дамытуды қамтамасыз ету үшін Алматы қаласының әкімдігіне нысаналы даму трансферттері түрінде аудару үшін 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 1934110000 (бір миллиард тоғыз жүз отыз төрт миллион бір жүз он мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов