2009 жылы Еңбешілдер ауданының аумағында мүгедктерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № а-4/54 қаулысы. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы № 1-10-85 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 13 қаңтардағы № А-1/2 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 13 қаңтардағы № А-1/2 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабы 5-2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабы 1-тармақшасына  сәйкес, жұмыс іздеу барысында бастарынан қиыншылықтар өткізіп жүрген, әлеуметтік қорғалуға мұқтаж мүгедектерді, оларды жұмыспен қамту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.Еңбекшілдер ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
      1) мүгедектер үшін жалпы жұмыс орындарының санынан үш пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасын белгілесін.
      2) мүгедектердің ашылатын жұмыс орындарына бағытталуын жүзеге асырсын.
      2. Осы қаулы Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және аудандық «Жаңа дәуір» - «Сельская новь» газетінде ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С.Ж. Шәуеновке жүктелсін.
      4. Аудан әкімдігінің осы қаулысы 2009 жылғы 5 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                          Т. ОМАРОВ